«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызында өрт шықты (фото)

Oinet.kz 14-12-2020 1072

Маңғыстау облысында "Маңғыстау - Ақтөбе" пойызының жүк вагонында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Маңғыстау-Ақтөбе пойызы.png

Төтенше жағдай 14 желтоқсанда сағат 04.30-да болған.

- Осы уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданындағы № 464 айырығында № 109 "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығы, "ҚазмұнайТеңіз" МӨҚҚ, "ҚТЖ" ҰҚ АҚ 30 маманы мен 7 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жіберілді, - делінген хабарлама.

Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.

- Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алды. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған, - делінген хабарламада.

Пойыз.png

Ақтөбе.png

Құтқарушылар өртті таңғы сағат 07.19-да сөндірген, жүк вагоны толығымен жанып кеткен. Сағат 09.18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе станциясына жіберілді.

Қазіргі таңда ішкі істер органдары өрттің себебін анықтап жатыр.

Қазақстандық саясаттанушы ресейлік депутаттың мәлімдемесіне жауап қатты
Ауыл жастары үшін жабық футбол манежі пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу