Белгілі кәсіпкер депутат атанды

Oinet.kz 14-01-2021 899

Алматы мәслихатына "Nur Otan" партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Қайрат Құдайбергенов.jpg

Партияның қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жаңа депутаттық Фракция алдында «Алматы-2050» стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарлама мен сайлаушылардың аманаттарының орындалуын жүйелі түрде қадағалау міндеті тұр.

Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ды, жастардың үлесі – 24%-ды құрады. Депутаттардың орташа жасы – 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.

Олардың қатарында Қайрат Құдайберген, Ермахан Ибраимов, Жансая Әбдімәлік сынды танымал тұлғалар бар. 

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімі:

1. Ақанова Әсия Айқанқызы – Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының және «Күміс ғасыр» ҚҚ-ның директоры.

2. Авершин Константин Викторович – «Я - алматинец» қоғамдық қозғалысының жетекшісі.

3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы – Қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер.

4. Әділханов Мұрат Әділханұлы – «Көктем групп ЛТД» ЖШС-нің басқарма төрағасы.

5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы – «Tanmedia Group» директорлар Кеңесінің төрағасы

6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы – №169 мектеп-лицейдің директоры.

7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы – «Алматы ӘКҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы.

8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы – Д. Қонаев атындағы коледж директоры.

9. Грачев Михаил Владимирович – «ДСУ-13»АҚ-ның директоры.

10. Есматов Серік Аманжолұлы – Параолимпиадашы, волейболдан Қазақстанның жастар құрама командасының экс-капитаны.

11. Жүдебаев Арман Әділханұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры.

12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы – «Good food KZ» ЖШС-нің директоры.

13. Ибрагимова Ляззат Еркенқызы – «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» АҚ-ының басқарма төрайымы.

14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы – бокстан Олимпиада чемпионы, «Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы» РМКК-ның директоры.

15. Канкуров Станислав Владимирович – Nur Otan партиясы Алматы ҚФ төрағасының бірінші орынбасары.

16. Қасымов Ерболат Болатұлы – «Айсултан» холдингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.

17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ-ның директоры.

18. Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – «қалалық кардиологиялық орталық» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы.

19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы – «Q3 Worldwide» инвестициялық холдингтің бас директоры.

20. Құрманбек Әсел – «Green Works» ЖШС-нің құрылтайшысы.

21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы – «Атрикс-Строй» ЖШС-нің директоры.

22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы – «№5 қалалық клиникалық аурухана» МҚК-ның бас дәрігері.

23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы – «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы.

24. Талбидинов Есенгелді Закірханұлы – «Жол-Транссервис 2006» бас директоры.

25. Тау Нұрымбек – «Daco motors KZ» ЖШС-нің директоры.

26. Өмірбаева Зауреш Әбілғожанқызы – Кәсіподақтардың Алматы қаласы бойынша «Кәсіподақ орталығы» Аумақтық бірлестігінің төрайымы.

27. Финогенов Максим Владимирович – «DWS group» компаниясының директоры.

28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы – «АЗМК» ЖШС-нің бас директоры.

29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы – Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.

Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды
Майғазиевпен кездескен абақтыдағы әйелдер көздеріне жас алып, ән шырқады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу