Белгілі математик Елбасы мен Президентті сынға алды (видео)

Oinet.kz 04-03-2021

Белгілі қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев елімізде сөз бен істің арасындағы сәйкессіздік туралы баяндады. Ауызбен талай істі тындырып, нағыз іске келгенде тоқтап қалатын билікті сынап тастады. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбаты барысында айтты. 

Елбасы, Тоқаев, Асқар.jpg

-  Мысалы бізде осы Елбасы әңгіме айтып жатыр, жаңа Президент те әңгіме айтып жатыр. Бірақ, сол әңгімелердің жүзеге асып жатқаны қай уақытта. Біздің басшыларымыз барлығы да дұрыс әңгіме айтады. Өндіріс жасайық дейді мысалы. Коррупцияны тоқтатайық дейді мысалы. Жұрттың бәрінің қарнын тойғызайық дейді мысалы. Бірақ сондай әңгімелермен істің жүрісі бір-біріне сәйкес келмейді ғой. Осындай әңгімені немістер айтса мысалы. Олар айтылды, ертесіне қабылдайды. Бітті ертесіне жүзеге аса бастайды. Мысалы Жапондар метро салайық дейді. Метро керек пе, керек емес пе деп талқылайды. Екі жыл салып бітті бәрін де. Біз Метро жайлы 1-2 жыл әңгіме айттық, 20-40 жыл болды ма? Әлі бітетін түрі жоқ. Міне, сөз бен істің арасы осында. Мысалы, ЭКСПО-ны алайық. ЭКСПО келе қалса жаңа технология дамиды, жасыл экономика болды, бізде жұрттың барлығы электрлі машинамен жүреді. Желмен энергия жүреді деген әңгіме болды есіңізде ме? Осыған мысалы қателеспесем 3-4 миллиард ресми тұрғыда доллар кетті. Бейресми тұрғыдаа 7 миллиардтай доллар кетті. Әблязов 7 миллиард доллармен қашып кетті, 7 миллиард доллармен бізде ЭКСПО жасады - деді Асқар Жұмаділдаев. 

«Мұқағали кімге керек?» - Асқар Жұмаділдаев (видео)
Асхат Аймағамбетов педагогтерге қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×