Бәрі Аягүлдің өліміне Сәулені кінәлап жатыр, егер Сәуле өзіне қол жұмсаса не істейміз? - Абзал Құспа

Oinet.kz 24-08-2021

Қазақстандық заңгер Абзал Құспан Аягүл Мантайдың оқиғасына қатысты жауап берді. Заңгер жақын жолдасы Сәуле Әбілдаханқызын қорғауға тырысты. Көпшіліктен кінә дәлелденбей жатып, біреуді айыптаудан аулақ болуды сұрады. 

Screenshot_11.jpg

Бұл туралы заңгер Қасқа жол бағдарламасында айтты. 

Жазушы Аягүл Мантайдың өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Желіден бастау алған жанжал көпшіліктің талқысына түсті. Бірі Сәуле Әбілдаханқызын айыптады. Енді бірі ақтауға тырысты. Бұл ретте заңгер Абзал Құспан Сәуле Әбілдаханқызын кісі өлтіруші деп қараудың керегі жоқ деп ақтады.

“Қазір Сәулені бәрі адам өлтіргіш ретінде санап жатыр. Қоғам ақ пен қараны ғана көретін болды ғой. Оның арғы жағында не тұр. Не мәселе болды, оның бәрін ашып-тексерместен, көрместен айыптай жөнеледі. Мен сүттен ақ, судан таза демейін, бірақ олай айыптауға болмайды. Сәуле тергеу материалдары жариялауға құқығы болмағандықтан, ешнәрсені айтқан жоқ. Ол үнсіз қалды деп кінәлі деп ойламайық. Мен онымен бұрыннан таныспын. Мен онымен жолдаспын. Сондықтан да оны қолдауым керек”, – деді ол.

Заңгер Аягүл де, Сәуле де әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Алайда екеуі де ешкімнің атын атап, түсін түстемеген. Тіпті кешірім сұрасып, қайта татуласып үлгерген. 

“Аягүл де жазды, Сәуле де жазды. Бірақ ешкімнің атын атаған жоқ. Желідегілер кім деп сұрағанда, кім туралы екенін айтқан жоқ. Оның үстіне бұл Аягүлдің өлімінен бұрын 8 күн бұрын болған. Оның аралығында Аягүл екеуі кешірім сұрасып, татуласып үлгерген. Сонда 8 күннен кейінгі болған өлімді ол жағдаймен байланысты деуге келе қоймас. Психолог-сарапшылардың өзі айтады. Адам ашу үстінде, нақты сол сәтте суицидке барады. Не адам өлтіруге барады. Адам ашу үстінде әйелін ұрып өлтіріп қоюы мүмкін. Алайда бір апта өткенде ол ондай ашу үстінде тұрмайды. Сондықтан мұның бәрі жан-жақты зерттеледі. Сәуледен бөлек те бірнеше адам тергеуге шақырылып  жатыр. Куә ретінде шақырылып жатыр. Дәл қазір тергеу ақпаратын жариялау мүмкін емес”, – деді заңгер. 

Абзал Құспан Аягүлді жете танымайтынын, тек сырттай ғана жазбаларын оқығанын айтады. Ал қаза болған уақыттарда өзі Шымкентте емес, Оралда, өз ауылында болған. 

“Менің Сәулемен, Мәди Манатбекпен түскен суретімд желіге жариялап, үшеуі ұйымдастырыпты деп жазып жүр. Мен Аягүлді танымаймын да. Оның маған не керегі бар. Мен өз ауылымда жатқан адаммын. Сәулеге телефон соғып, мән-жайды сұрадым. Ол жылап тұрып өзін айыптап жатқанын айтты. “Маған не болса да бәрібір” деді. Мен басу айттым. Қолдау көрсеттім”, – дейді ол. 

Еске салсақ, жас жазушы Аягүл Мантай белгісіз жағдайда көз жұмды. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Алексей Ни Қазақстан неге алтын алмағанын түсіндіріп берді
Аймағамбетов ҰБТ-ға жалған төлқұжатпен кіргендер туралы айтты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×