Шахмат үйірмесі ашылды

Oinet.kz 07-10-2021 856

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт 2020» жобасын Ордабасы ауданында жүзеге асыру мақсатында Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен, аудан көлемінде «Зияткерлік – кемел келешек кепілі» тақырыбында шахматтан зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, жастар және БАҚ өкілдері арасында сайыс өткен болатын. 

image.png

Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың қолдауымен интеллектуалды жобаның насихатталуына бағытталған бірнеше  зияткерлік біліктілікті арттыру іс-шаралары өткізілді.

Соның бір айғағы аудандық «Жастар ресурстық орталығында» «Шахмат- ақыл- ой спорты» атты шахмат үйірмесінің ашылуы. Үйірменің ашылу рәсіміне облыс көлемінде зияткерлік ілімнің насихатталуына мұрындық болып жүрген шахматшы, оңтүстік өңірінің белсенді БАҚ өкілі Балтабек Түйетаев, аудандық «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек қатысты. Жаңадан ашылған үйірменің жұмысына сәттілік тілеп, «Шахмат әліппесі» кітабын тарту етті.

Терроризмнің алдын алу басты назарда
Жамбылдағы жарылыста жоғалған жігіттің қайда екенін көріпкел айтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу