Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды

Oinet.kz 16-10-2021 830

Алматы - Қапшағай тасжолында Lada Granta жүргізушісінің кесірінен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы - Өскемен жолының 19-шақырымында болған.

- Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған, - дейді құқық қорғау органдары өкілі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.

View this post on Instagram

Публикация от Original | Алматы (@kris_p_original)

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 71 жағдайы тіркелді
Алексей Цой денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобамен таныстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу