Серік Сәпиев жаңа жұмыс орны туралы айтты (видео)

Oinet.kz 21-10-2021 686

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен босатылған Серік Сәпиев Динара Сәтжанға берген эксклюзив сұхбатында жаңа жұмыс орнын атады, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

image.png

- Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын - деді бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы.

Ол комитетте қандай лауазымға тағайындалатынын нақты айтқан жоқ.

Халықаралық олимпиада комитетінде жұмыс істегіңіз келе ме деген сұраққа Сапиев "ойлануға болады" деп жауап берді.

- Ол туралы ойламадым. Бірақ жалпы алғанда, халықаралық ұйымда жұмыс істеу елдің мәртебесін, халықаралық ұйымда жұмыс істейтін адамның мәртебесін көтереді. Неге болмасын, ойлануға болады - деді ол. 

«Orda ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті
Мерт болған оқушы смартфонынан күмәнді нәрселер табылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу