Елордада белгісіз әйел баласымен 12-қабаттан секірмек болды (видео)

Oinet.kz 23-10-2021

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының 1,5 жасар баласын ұстап, үйдің 12-қабатынын секірмек болған видеосы тарады. Оқиғаны үйдің қасынан өтіп бара жатқан полиция қызметкері көріп қалып, әйелді де, баланы да құтқарып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

image.png

- "22 қазан күні сағат 17.30-да Куприн көшесімен өтіп бара жатқан полиция капитаны Қайрат Нариманов үйдің 12-қабатынан қолында баласы әйелді байқайды. Ол аяғын балконнан шығарып, секіруге дайын еді. Полиция қызметкері бірден подъездге кіріп, жоғары қабатқа көтеріледі. Әйел оны байқамай тұрған кезде ұмтылып, екеуін де ұстап алады", — деп хабарлайды елордалық полиция департаменті.

21 жастағы әйелдің мұндай әрекетке баруына отбасыдағы жанжал түрткі болғаны анықталды.

- "Мен күнделікті кезекшіліктен кейін демалыста едім. Үйге қайтып келе жатқанда аулада жиналған адамдар мен балконның қоршауында отырған әйелді көрдім. Ойланбастан подъезге қарай жүгірдім. Менімен бірге лифтке тағы бір адам кірді. Мен әйелді балконнан ұстап алып, ішке сүйреп үлгердім. Бәрі жақсы аяқталғанына қуаныштымын", — дейді полиция қызметкері.

Құқық қорғау органдары жас ананы осындай жағдайға жеткізген жұбайына қатысты қорғаныс бұйрығын шығарды. Енді бұл отбасы ерекше бақылауда болады. Сондай-ақ әйелмен профилактикалық әңгіме өткізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

Тоқаев Каспий теңізін ластанудан қорғау хаттамасына қол қойды
Әжейдің телефонын алып қойған полицейлер жұрттың ашуына тиді (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×