Әйелін бірге арақ ішпегені үшін ұрып өлтірген. Күдікті қылмысын мойындады

Oinet.kz 04-05-2022 2394

Түркістан облысында өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен төрт баланың әкесі қамауға алынды.

Screenshot_6.jpg

43 жастағы ер адам 38 жастағы жұбайын арақ ішуден бас тартқаны үшін таяқтың астына алған. Жанжал кезінде отбасының үлкен қызы полицейлерге бірнеше рет хабарласқан, алайда олар 40 минуттан кейін келген. Полицейлер мен дәрігерлер келгенше келіншек бақилық болып кеткен.

Тәртіп сақшылары бір баппен қылмыстық іс қозғап, күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

«Күдікті қылмысын толық мойындап, өкінішін айтуда. Айғақ зат ретінде алынған заттарға қатысты сот сараптамасы тағайындалған. Күдікті профилактикалық есепте тұрмайды. Көрші және туыстарынан осы күнге дейінгі жанжалшу болғаны жайлы арыз-шағым осы күнге дейін түспеген» деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі Еділ Алтынбаев.

Марқұмның кәмелетке толмаған төрт бала әжесінің қолына өтті. Анасынан айырылған екі ұл, екі қызға психологиялық көмек қажет.

«Қайрат пен Жұлдыз қазір бірге»: Жұлдыздың қайынатасы жауап берді
Маңғыстауда мұғалім бірінші сынып оқушысын шапалақпен салып қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу