Павлодарда Қытай азаматының денесі табылды

Oinet.kz 15-06-2022 1121

Павлодардың орталық жағалауына суға батып кеткен Қытай азаматының мәйітін құтқарушылар Жаңаауыл ауылының маңында тапты. Марқұмның денесі полицейлерге табысталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_14.jpg

Құтқарушылардың ақпараты бойынша, іздестіру жұмыстары 11 маусымда басталған. Олар жағалау сызығы мен Жаңаауыл кентінің аумағында тексеру жүргізген.

"14 сәуір күні сағат 17.42-де оқиға орнынан 11 шақырым жерде Ертіс өзенінің Жалпақ ағысы ауданында құтқарушылар ер адамның денесін судан шығарып, Ертістің сол жағалауына жеткізді. Денесі полиция қызметкерлеріне берілді", - деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 24 жастағы ҚХР азаматы 11 маусым күні кешке Павлодардың орталық жағалауында суға кеткен. Оны іздеу жұмыстарына тек құтқарушылар ғана емес, еріктілер де жұмылдырылған болатын.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шәкіртақы мөлшері өсуі мүмкін
Штраф за производство работ в охранных зонах линий электрических сетей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу