«Жүрегі тоқтап қалды» - Аша Матай тұңғышы туралы

Oinet.kz 08-08-2022

Аша Матай сахналық серігі Арман Қоңырмен отау құрып, осыдан бес жыл бұрын алғаш рет ана бақытын сезінді. Бүгінде екі қыздың бақытты анасы. Бірақ тележүргізуші бұл күнге оңайлықпен жетпеген. Тұңғышын босанарда одан айырылып қала жаздап, өзі де бір өлімнің аузынан қалған. Бұл туралы Аша Айнұр Ілиясованың "MOM'sкий әңгіме" подкастында әңгімеледі.

Screenshot_15.jpg

Аша сол бір күнді "қорқынышты түс" сияқты еске аламын дейді. Айы-күні жетіп, перзентханаға түскен Аша толғақтың ұзақ уақыт бойы қинағанын айтады. Жанын қоярға жер таппағанда дәрігерлерден ауырсынуды басатын дәрі салуды сұраған. Кейін баланың жүрегі тоқтап қалғанын білген. 

"Маған екі рет эпидуральды анестезия жасады. Толғақты тездететін дәрі салды. Кейін баланың жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлердің түрі суып кеткен. Анам екеуміз шок болдық. Анам қасымда еді. Анам жылай бастады, мен бірден өзімді жинап алдым. "Мама, жыламаңыз. Бәрі жақсы болады. Маған кесарь тілігін жасаңыздар", – дедім. Ана кісілер дір ете қалды.

Түнгі 01:00-де босандым. Асылым аман-есен дүниеге келді. Бірақ бірден жыламады. Дәрігерлер ұрып, өздерінің әдістерін қолданды. Содан кейін барып қана жылады.

Бәрі анестезия салатын маманға байланысты екен. Құдай өзі кешірсін, өзімді "өлік адам" сияқты сезіндім. Жарты жылдай өзіме келе алмай жүрдім. Дәрігерлер толғақ шақыратын дәрінің дозасын шамадан тыс салып қойған. Одан кейін наркоз салған. Содан денемді сезбеймін. Сөйлеуге де шамам келмеді. Мен о дүниеге кетіп барамын деп ойладым. Іштей осы өмірмен қоштастым. Тілімді кәлимаға келтіріп, дайындалып жаттым. Мен өліп қалсам, қызымды күйеуім мен анам қарайды деп ойладым", — дейді Аша Матай.

Путин не істерін білмей сасқалақтап жатыр
«AMANAT»: Төлебилік 280-нен астам абонент ауыз сумен қамтылады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×