«AMANAT»: Төлебилік 280-нен астам абонент ауыз сумен қамтылады

Oinet.kz 08-08-2022 580

Screenshot_26.jpg

Халық үшін тіршілік нәрі – ауыз су екендігі анық. Түркістан облысының  шалғай елді мекендері әлі ауыз сумен толық қамтылмағаны да жасырын емес. «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында 2025 жылға дейін ауылдық округтер мен аудандарда 49 сумен жабдықтау нысанын салу жоспарланған. 2022 жылы соның 9 нысанын пайдалануға беру көзделіп, сайлауалды бағдараламаға сәйкес берілген уәделер, яғни  жоспар толықтай орындалды.  Атап айтқанда Шардара, Түлкібас және Төлеби аудандарына қарасты ауылдық округтер ауыз сумен жабдықталды. 

Мәселен, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округінің Керегетас елді мекенінде 27 шақырым су құбыры тартылып, 110 дана құдық қазылды. Көлемі 150 куб метрді құрайтын 2 резервуар орнатылды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң Керегетас және Қасқасу елді мекеніндегі 140 абонент ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда. 

Аталған аудандағы Нысанбек елді мекенінде де құрылыс қарқынды. «СтройЖолСервис KZ» ЖШС тау бөктеріндегі Қайнар бұлағынан 130 диаметрлі ауыз су құбырын тарту жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде елді мекендегі 144 абонентке тіршілік нәрі жеткізілмек. Қазіргі таңда сумен жабдықтау жүйелеріне сыртқы қоршаулар салынған. Құрылыс алаңында түнгі жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстары да атқарылу үстінде. Аудандағы су құрылысына республикалық бюджет есебінен – 240,4 млн. теңге бөлінген. 

Сонымен қатар сайлауалды бағдарламаға сәйкес, облыстағы 12 елді мекенде сумен жабдықтау желілерін қайта жөндеу жұмыстары іске асырылмақ. Биыл Сарыағаш ауданындағы 3 елді мекенді қамту жоспарда бар. Жыл қорытындысымен нәтижесі айқындалады. 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Жүрегі тоқтап қалды» - Аша Матай тұңғышы туралы
Сайрамда жас әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арызданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу