Нұр-Сұлтандағы мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған ер адам бейнебақылауға түсіп қалған

Oinet.kz 16-08-2022 499

Нұр-Сұлтанда Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған. 22 жастағы мигранттың елордаға маусым айының соңында келгені белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_18.jpg

Шетелдік азаматтың ұрлықтың алты жайтына қатысы бар екені белгілі болды. Ол көбіне ақша мен ұялы телефондарды қолды еткен. Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Аталған қылмысқа қатысты бейнетаспалардан оның ұяшықтардан келушілердің сөмкелерін алып, ұрлық жасағанын көруге болады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Жігіт кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіледі. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкентте бір жастағы бүлдіршін тоққа түсіп мерт болды
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны біршама азайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу