Нұр-Сұлтандағы 1,5 жасар сәби өлімі: тұрғындар қайғылы оқиға қайталана ма деп қорқады

Oinet.kz 16-08-2022

Нұр-Сұлтанда ауласында 1,5 жасар сәбиді көлік басып кеткен «Керемет» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қайғылы жағдай қайталануы мүмкін деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_41.jpg

«Оқиғаны көзбен көрген көршілерімнің айтуынша, көлік жүргізушісі көлігін мүгедектерге арналған тұраққа қойған. Біздің тұрғын үй кешенінде үйден шыққанда жаяу жүргіншілерге арналған жол, содан кейін көлік қоятын орын, одан ары балалар алаңқайы тұр. Сол жолдан алдымен баланың анасы өткен де, бала артында қалып қалған. Сол сәтте көлік иесі көлігін біресе алға, біресе артқа қарай қозғалтып жатқан. Бала осы кезде дөңгелектің астында қалған. Қансыраған баланы анасы үйіне алып кірген, кіреберістің бәрін қан жауып кетті. Бірақ бала артынша қайтыс болып кетті. Жүргізуші көлікті ақырын қойғанымен, баланы көрмеген болып тұр ғой. Мұндағы мәселе - ешқандай көлік аулаға кірмеуі тиіс. Неге үй салғанда бизнес-санаттағы үйлердей бірден көлік тұрағын бөлек, балалар алаңын кеңдеу етіп бөлек етіп салмасқа? Сонда эконом санаттағы үй тұрғындары үнемі үрейленіп, зәре-құтымыз қашып жүруіміз керек пе?», - дейді күйініп «Керемет» тұрғын-үй кешенінің тұрғыны Гүлім Төлеуқызы.

«Керемет» тұрғын үй кешеніне көрші орналасқан басқа да үйдің тұрғындары көліктерін тұраққа қойып кетеді екен.

«Бұл үйлер 10 жыл бұрын салынған эконом-санатты үйлер. 2020 жылдан бастап жан-жағымызға 25 қабатты үйлерді салып тастады. Олар өз аулаларына сыймайды да, біздің аулаға келіп көліктерін қояды. Елорданың құрылысы негізі, адам үшін жасалмаған. Балаларды аулаға ойнауға тұрмақ, нан алуға жұмсай алмайтын жағдайға жеттік. Қауіпсіз қоғам орната алмай отырған мемлекеттің азаматтарымыз. Жергілікті билік көлік тұрағы мәселесін шешпесе, мұндай қайғылы жағдай тағы да қайталанады. Қазір Нұр-Сұлтанның сол жағалауы да қаптаған тұрғын үйлерді салып тастаған тура Сейфуллин көшесіне айналды»,-дейді «Керемет» тұрғын-үй кешенінің тұрғыны Гүлім Төлеуқызы.

Еске салсақ, қайғылы оқиға бүгін сағат 11:38-де болған еді. Land Cruiser 200 автокөлігі тізгіндеген 35 жастағы азамат көлікті тұраққа қойып жатқанда баланы басып кеткен. Сәби оқиға орнында көз жұмды.

Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта рейд өткізді
Күйеу жігіт жездесімен көңілдес болған қалыңдығынан той үстінде кек алды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×