Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта рейд өткізді

Oinet.kz 16-08-2022 387

Screenshot_1.jpg

Жол қауіпсіздігі - басты орында! Осы бағытта Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта Сауран ауданы Самара-Шымкент автожолының 2059 шақырымындағы стационарлық шеп бекетінде рейд өткізді. Негізгі мақсат - азаматтардың жолдағы қауіпсіздігін қадағалау, жол апаттарының алдын алу мен болдырмау.

Профилактикалық іс-шараны Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Асылхан Төреханов пен Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының бастығы полиция подполковнигі Қанат Рақышев бастаған тәртіп сақшылары атқарып,  жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік тізгіндеушілерге жол апатының алдын алуға бағытталған жаднамалар таратты.

Түркістан облысының полицейлері: «Бізде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар күнделікті өткізіледі. Қазір республикалық маңызы бар тас жолдың бойында тұрмыз. Мұнда Түркістан облысына Қызылорда облысынан әртүрлі көліктер кіріп-шығуда. Тәртіп сақшылары көліктердің әрқайсысын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі рейдке Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі мен жергілікті телеарналардың журналистері қатысты. Жалпы дәл осы аумақта бір күнде 30-дан аса құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде шетелдік көліктер 12. Ал сақтандыру полисі жоқ 1 көлік айыптұраққа қойылды»-деп атап өтті.

Өз кезегінде көлік жүргізушілері де аталған шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, жол қозғалысын реттеп, апатты болдырмау мақсатында жұмыс атқарып жүрген полицейлерге алғыстарын жеткізді.

Десекте соңғы уақыттағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны баршамызды толғандырып отыр. Сол себепті, көлік жүргізушілеріне шамадан тыс жылдамдықты асырмай, қарсы жол қозғалысына шығып кетпей, қауіпсіздік белдігін тағып, апатқа алып келетін қандай да бір теріс әрекеттерге жол бермеу керектігі қатаң ескертіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Аймағамбетов баласына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын айтты
Нұр-Сұлтандағы 1,5 жасар сәби өлімі: тұрғындар қайғылы оқиға қайталана ма деп қорқады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу