Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті

Oinet.kz 17-08-2022 441

Screenshot_3.jpg

Сыбайлас – жемқорлық - мемлекеттін қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін еліміздегі қауіпті індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі куннің күрделі мәселесі болып отыр. Бұл дегеніміз – еліміздің өсіп, өркендеуіне тұсау болатын фактінің бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы індетпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білу керек.

 Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол сыбайлас жемқорлық. Ендеше, жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады.. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесір келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін ,өз ортасын құрметтейтін әрбір азаматтың мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіру, ел ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты мүддесі және оның алдынғы  парызы болуы тиіс. Қоғаммен бірге өркендеп етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңінен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу біздің басты міндетіміз.

Н.Асқарбаев,

Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

«Жала жапқаны үшін»: Алматыда бірінші сынып оқушысының зорланғаны туралы іс расталмады
Түркістанда әйелін балаларының көзінше өлтірген күдіктінің сот үкімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу