«Жала жапқаны үшін»: Алматыда бірінші сынып оқушысының зорланғаны туралы іс расталмады

Oinet.kz 17-08-2022 673

Алматыдағы жеке мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат расталмады. Бұл туралы білім ошағының директоры полиция департаментінің берген жауабы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Директордың айтуынша, жоғары сынып оқушылары зорлық көрсетті деген баланың әкесі мұғалімдер мен мектеп басшылығына жала жауып отыр. Білім мекемесінің басшысы полицияның бұл жағдайды растамағанын айтты.

“Біз полиция бөліміне бірнеше рет жүгіндік. Сонымен олардан бізге берілген ақпарат пен фактілердің барлығы расталмағыны туралы хабар алдық. Біз оларды жала жапқаны үшін құқық қорғау органдарына тапсыра аламыз”,  – деді мектеп директоры Бахытжан Нұрматова.

Бұл оқиғаға байланысты баланың ата-анасы шағымданған болатын. Олар ұлын жоғарғы сынып оқушыларының дәретханада пышақпен қорқытып, бірнеше рет зорлағанын айтқан

Вице-министр: Жалақы 60 пайызға артады!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу