Болат Назарбаев бар болғаны 108 мың теңге зейнетақымен күн көріп жатыр

Oinet.kz 25-08-2022 3951

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Экспресс К тілшілері оның әйелі Динарамен хабарласты. Ол күйеуінің жағдайы дұрыс екенін айтумен ғана шектелмей, тұңғыш рет Болат Назарбаевтың отбасы жайлы тың деректі жария етті. 

Screenshot_9.jpg

Экспресс К: Болат Назарбаев ауырып жатқалы біраз болды. Сіздер қандай қаржыға күн көресіздер?

- Балалары көмектеседі. Шамамен 108 мың теңге зейнетақысы да бар. Соны пайдаланамыз. Шыны керек, өткен айда ауруханада жатқанда гемодиализді сол зейнетақысынан төледік. Осы орайда дәрігерлерге де рахмет айтқым келеді. Күні-түні мазалаған сәттер де болады. Тағы бір айта кететіні, рейдерлік әрекет, басқа да жаман іс-әрекетке осы кісіні кінәлап жатады. Мен қасында тұрып жатқалы 10 жылдан асты. Білетінім, Үлкен кісі (Нұрсұлтан Назарбаев) кезінде атыма кір кілтірме деп қатал тапсырған екен. Бар ғұмырын сол кісінің абыройын ойлаумен өткізді. Той-томалақтың ортасында жүрді, серуендеді, әйел алды, соның жағдайын жасады. Сол әйелдердің тума-туысына дейін көмектесті. Сондай серілік тағдырды таңдады, - деді жары Динара.

Ойын-сауықтыру орталығынан ұялы телефон ұрлаған әйел анықталды
Мектептегі іс-шараларда көгершіндер мен шарларды ұшыруға тыйым салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу