Әділет органдарына – 30 жыл!

Oinet.kz 29-09-2022 735

Screenshot_23.jpg

Егеменді еліміз үшін Әділет органдары күнінің маңызы зор. Конституцияның сенімді кепілі ретінде заң үстемдігін негізге ала отырып, адамның негізгі құқығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық мемлекет құру басты мақсат болып табылады. Түркістан облысының Әділет департаменті коммерциялық емес заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды  тіркеуді бақылауда, зияткерлік меншік құқығын қорғау саласы бойынша және  құқықтық көмек көрсету және түсіндіруді қамтамасыз етуде сондай ақ  сот актілерін орындау қызметінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.  Өткен жылдары жұмысты жаңа болмысқа икемдеп, жүзеге асырдық. Бұдан бөлек Департаментке жүктелген міндеттерді нәтижелі атқару өз жемісін берді. Қазіргі таңда  мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі  онлайн көрсетілуде, сондай-ақ жергілікті  волонтерлар мен әділет саласының қызметкерлері бірлесіп  халыққа байланыс құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы кеңес беруді іске қосып, халықтың құқықтық мәдениетін арттырда аянбай еңбек етуде. Бір өңірді осылай түрлендірсек, біздің мемлекет әлі талай бастауды еркін бағындырады деп сенемін.

Түркістан облысының Әдiлет департаменті – мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлерге мониторинг жүргізеді, әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды, азаматтық хал актiлердi тіркеуді бақылауды, коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді, сот актілерінің орындалуын  қамтамасыз етуді, зияткерлік меншiк құқықтарын қорғау мен сақтау саласы бойынша міндеттерді жүзеге асырады.

Сондай-ақ, «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»,  «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу», «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»  бойынша  мемлекеттік   қызметтерді көрсетеді. 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 11 түрі бойынша 2044 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 5  қызметкер (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалы) өтті.    

Жалпы облыс көлемінде 1311 заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен. Атап айтқанда, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілеттіктерін қайта тіркеу, заңды тұлғалардың және филиалдар мен өкілдіктердің таратылуын тіркеу, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында заңды тұлғаның, филиалдар мен өкілдіктердің бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістері мен толықтырулар тіркеу,  заңды тұлғалар бойынша (басшылары ауысуы) тіркеу және заңды тұлғаның телнұсқасы берілген.

Департаменттің АХАТ және апостильдеу жұмыстарын қамтамасыз ету, бақылау бөлімінің мұрағатына 2015 акт жазуларына өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу туралы хабарламалар келіп түсіп, орындалды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бағыты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалымен 106917    мемлекеттік қызмет көрсетілген.  

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша  193 нотариус,  172 адвокат, 200 заң кеңесшілері қызмет атқарады. Нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережелерінің сақталуына  8 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде   2022 жылдың 8 айында 3 нотариустың лицензиясы тоқтатылды (оның 2 уақытша тоқтатыла тұрған, 1 тоқтатылған).  2 нотариус тәртіптік жауапкершілікке, 5 нотариус әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Сонымен қатар 2 адвокаттың  адвокат лицензиялары тоқтатылған. 

«Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі бойынша 172 адвокат қызмет атқаруда. ҚР Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарына сәйкес мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге келісілген адвокаттардың саны-122 . Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны 6076. Оның ішінде:  қылмыстық істер бойынша-1611, азаматтық іс-20, әкімшілік іс-160, құқықтық кеңес берілген азаматтар саны-4285. 

Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында 1286 насихат жұмыстары жасалды. 

Зияткерлік  меншік құқығы саласы бойынша департаментке заң талаптарының бұзу фактілеріне қатысты 6 арыз түсіп, оның ішінде 4 арызға ҚР Президентінің «Тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» 26.12.2019 жылғы №229 Жарлығына сәйкес тексеру жүргізілмейтіндігі туралы жауаптар берілді. Ал, 2 арыз авторлық құқықтың бұзылуына байланысты құзіреттілігіне қарай ҚР Әділет министрлігіне жолданды.     

2022 жылдың 8 айында мемлекеттік сот орындаушылар саны – 15, жеке сот орындаушылары саны –150. Жалпы аяқталған атқару құжаттары – 161 445.  Аяқталған атқарушылық өндірістердің үлесі 2022 жылдың 8 айдың  қорытындысы бойынша 32%-ға  аяқталған.

Алимент өндіру санаты бойынша 22 672  орындауда болған.  Оның ішінде 2982 аяқталған, 19 690 орындалу барысында. 

Сот актісі талаптарын орындаудан жалтарып жүрген борышкерлер бойынша   214 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Мемлекет пайдасына сомма өндіру бойынша орындауда 289 987 болса, оның ішінде аяқталғаны 100 922, қалған  189 065 атқару құжаты орындалу барысында. Сонымен қатар 129 борышкердің мүлкін тәркіленген.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу бойынша 15 үміткер тапсырған.   

Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен                 мүлік тәркілеу бойынша 156 атқару өндірісі орындауға түскен, оның ішінде 129 атқару өндірісі орындалып, атқару құжаттарының орындалуы 83%  құрады.         

Бөліммен мемлекет пайдасына тәркіленген негізгі айғақты заттар Сот үкімімен тәркіленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №404 Қаулысы негізінде жергілікті атқарушы органға және Түркістан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізілді. 

Жалпы Түркістан облысының Әділет департаменті 2022 жылдың  8 айында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы бойынша нысаналы индикаторлардағы межелі көрсеткішке қол жеткізуді,  005 Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуін одан әрі жандандыруды, проблемалық алимент санатындағы атқару өндірістері бойынша Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен және аудандағы жеке сот орындаушылармен жұмыстарды жандандыруды, әділет органдары қызметіне қатысты халық арасында құқықтық насихат жұмыстарын жандандыруды басым міндеттер қатарына қойып отыр.

Әділет органдары сасындағы орын алған жаңашылдықтар бойынша:

- Ағымдағы жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы шықты.

Осы Заңның талабына сәйкес "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  Атап айтқанда, Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі енгізіліп, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгіленді.   

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

- Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот оындаушыларының  мәртебесі туралы» Заңының 74 бабына өзгерістер енгізілді. «Борышкерлердің жылжымайтын мүлкінен, тұрғынжайынан өндіру барысында  мүлікті өз еркімен сату үшін борышкерге 3 ай (алдында 1 ай болған) мерзім беріледі. Жеке сот орындаушы борышкердің тұрғынжайын аталған мерзім ішінде сауда саттыққа шығара алмайды. 

- Жеке және заңды тұлғалардың өкілдері өтініштерін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына тікелей жолдай алады. 

- Ағымдағы жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Осы Заңның талабына сәйкес, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Атап айтқанда, Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі енгізіліп, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгіленді.   

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

- Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу  туралы» Заңына өзгертулер енгізілді.

Жаңашылдықтарға сәйкес саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, құрылтай құаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу, қызметін тоқтатуын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі. Бұдан былай тіркеуге ұсынылатын өтінішке қоса заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиалдар мен өкілдіктер туралы ереженің төлнұсқаларын талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі

2011 жылдың қаңтарында Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігі Құқықтық ақпарат қызметін құрды. Оның негізгі мақсаттары мен міндеттері- тұрғындарға барлық құқықтық мәселелер бойынша және ҚР қолданымдағы заңнамаларының қағидаларын түсіндіру. Қызметтің жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлығын жүзеге асырумен байланысты. Онда азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру, сондай-ақ тұрғындардың білікті заң көмегін тегін алуына барлық қажетті жағдай жасау көзделген. Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігі Құқықтық ақпараты қызметі тұрғындарға барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер береді, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша көмек көрсетеді.

Тәулік бойы телефон бойынша кеңес беру

Қазақстан бойынша тегін қоңырау қабылдау 119 (мобильді операторлардан басқа)

58-00-58 тел. арқылы Қазақстанның барлық аумағынан тегін қоңыраулар қабылдайды.

Кеңес беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Құрметті әділет органдарының  қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әділет органдарының өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет  көрсетуі, құқық үстемдігін қамтамасыз етуі, Әділет органдары қызметкерлерінің кәсібиліктері мен күш-жігерлеріне тікелей байланысты.  Сіздердің әрқайсысыңыз мемлекетіміздің дамуына, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға өз үлестеріңізді қосып келесіздер.

Бүгінгі кәсіби мерекеде Сіздерге зор денсаулық, мол жетістіктер, ал отбасыларыңызға құт-береке, бақ-дәулет, бірлік пен амандық тілеймін! Әрқашанда еңбектеріңіз табысты, барлық игі бастамаларыңыз сәтті болсын!

Мұхит ТҰРҒАРАЕВ,

Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы

Тұңғыш Президент: «Менің аяғымнан шалды»
Саяси партияларды тіркеу рәсімі оңайлатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу