Қазығұртта республика күні аталып өтті

Oinet.kz 22-10-2022 381

Screenshot_3.jpg

Қазығұрт ауданы орталығында 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында Қазығұрт ауданы әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі мүшелері саябаққа ағаш отырғызып, ауданымыздың білім ордалары мен мәдениет қызметкерлері тарапынан мерекеге арнайы дайындалған көрмелерге қатысып, спорттық сайыстарды тамашалады. Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Айдарұлы барша қазығұрттықтарды Республика күнімен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты. 

Сондай-ақ, мереке қарсаңында ауданымыздың орталығында 150 орындық Орал Нарбаев атындағы бастауыш мектебі мен «Ай-Фарма» медициналық орталығы ашылды. Жеке кәсіпкерлердің есебінен ашылып жатқан нысандарға аудан әкімі арнайы барып, құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиып, ашылу салтанатына қатысты. Ел игілігі үшін жасалып жатқан іс-шаралар жоғары дәрежеде өткізілді. 

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
«AMANAT»: Республика күніне орай партиялық наградалар табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу