Еңбек адамы - әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегі

Oinet.kz 26-10-2022 287

Screenshot_14.jpg

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері «Жасыл Түркістан» мекемесінің жұмысшыларымен экспромт-кездесу өткізді. Оған халықтық коалицияның Түркістан облыстық штабының төрағасы Бейсен Тәжібаев мемлекеттік қолдаудың аясында ел көлемінде жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Сондай-ақ, елдің еңсесін еңбек көтеретіндігіне тоқталған төраға бұл бағытта еңбек адамдарының еңбегі ерен екендігін атап өтті.

- Еңбек адамы - әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегі. Қарапайым еңбекқордың мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайлы жиі айтып жүрміз. Бұл да Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ұнамды тұжырымдамасы болды. Білім сапасына жіті мән беру, медициналық қызметтерді халыққа қолжетімді ету Президенттің басты стратегиясы. Ал, олигархтық капитализм біртіндеп жойылу үстінде. Ол дәлелдеуді қажет етпейді деп ойлаймын. Бәрі ашық түрде жариялануда. Әлемдегі геосаяси жағдайларды ой елегінен өткізіп, бірлігімізді бекемдесек реформалардың орындалуына қол жеткіземіз. Қуатты Қазақстанды Бірге құрамыз» - деді Бейсен Дәулетұлы. 

Ал, Бекарыс Шойбеков Түркістан қаласын гүлдендіру жолында «Жасыл Түркістан» мекемесінің мамандары таң атқаннан, күн батқанға дейін демалмай еңбек етіп жүргендігін жеткізді. Әрбір еңбектің жоғары бағаға лайық екендігін атап өтті.

Кездесуге қатысқан сенімді өкілдер Ғаппар Сәрсенбаев және Мақсат Таңатаров қатысты.  Ел Президенттігіне кандидат Қасым – Жомарт Кемелұлының  р салада жүзеге асып жатқан реформалардың нәтиже бере бастағандығын жеткізді. Жыл сайынғы жолдауларына сай жүзеге асып жатқан жобалардың маңыздылығына тоқталды. Көпшілікті сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырды. Кездесуге қатысқан еңбек адамдары алдағы сайлауда халықтық колаиция атынан ұсынылған кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдайтындықтарын жеткізді. 

Айта кетейік,  «Жасыл Түркістан» КММ-сі 355 жергілікті тұрғын қызмет етеді.  Қаладағы саябақтар мен аллеялардағы гүлдер мен ағаштардың, көшелердегі жасыл желектердің жайқалып өсуін тәулік бойы қадағалап, баптап келеді. Биылғы жылы мекеме қызметкерлері Түркістан қаласының 127 га аумағына көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізіліп, 200 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жастар Әділетті Қазақстанды қолдайды!
Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу