Алдағы сайлау елдігімізді көрсететін сәт

Oinet.kz 27-10-2022 237

Screenshot_6.jpg

2022 жылдың 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. 

Бүгінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін болады. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін. 

Дана халқымыз «Бірлікті ел бұзылмас» - деп айтқандай, айтулы сәтте барлығымыз жұмылып, сайлауға белсенді қатысып, еліміздің кемел болашағы үшін өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы

Түркістан: Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарына арналған 647 орын белгіленген
Полицейлер тұрғыннан психотроптық дәрінің 250 данасын тәркілеп алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу