Әділетті Қазақстанды құруға әрбір азамат атсалысуы қажет

Oinet.kz 27-10-2022 259

Screenshot_13.jpg

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері мен сенімді өкілдері Кентау қаласындағы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Кентау электр желілері мекемесінде болып, ұжыммен кездесті. Қалыйма Жантөреева, Марина Лимаренко,Талғат Балабиев, Мамыржан Юлдашев пен Дархан Серікбаев кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттады.

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жұмыстарына күнделікті куә болып жүрміз. Әрбір іс тиянақты түрде жүзеге асуда. Жыл сайынғы жолдауларында әрбір ел азаматының жүрегіне жететін жобаларды ұсынады. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс көп. Ал, сайлауалды бағдарламасында әділетті Қазақстанды құру жайын айтты. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілерге әдемі баяндамалар мен жүзеге аспайтын жобалардан арылуды тапсырды. Себебі қазір халыққа нақты атқарылатын жұмыс қажет – деді, Қалыйма Жантөреева. 

Марина Лимаренко бірлігі жарасқан Кентау тұрғындарын еңбексүйгіштігін сөз етті. Білімді де білікті мамандар шыққан тәж қаланың қайта дамып келе жатқандығына тоқталды. Сондай-ақ, көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Ал, Талғат Рахымұлы қоғамды жаңарту мен әділетті Қазақстанды құруды көздейтін реформаларды жүзеге асыру үшін бірлік пен келісім қажет екенін айтты. Мамыржан Юлдашев кандидаттың «Бір Отан, бір мемлекет, бір халық» деген аса терең ұран сөзі  ерекше әсер еткендігін айтып өтті. Кездесуге қатысушылар да сайлауға белсенді қатысатындықтарын жеткізді. 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Полицейлер облыс орталығындағы аялдаманы бұзған жасөспірімдерді анықтады
Сайлау азаматтық қоғамды дамытады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу