Өңірлерде байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр

Oinet.kz 27-10-2022 254

Screenshot_18.jpg

Елімізде сайлау үдерісін байқаушылар жасарып келеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты.

Партиялық емес байқау орталығының төрағасы республика бойынша байқаушылар қатары толысқан, түрлі мамандық иелері екендігін айтады.

– Республика бойынша байқаушылардың орташа жасы 40-45 құрайды. Яғни, республика бойынша байқаушылар толысқан, түрлі мамандық иелері десек болады. Ал жастар жылдан-жылға, сайлау өткен сайын азаматтық ұстанымдарын белсенді білдіре бастады. Өйткені, әлемде, елімізде не орын алып жатқанын, өзгерістерді көріп отыр. Олар белсенді азамат болғылары келеді, - деді ол.

Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтен Президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек.

- Өңірлерде республикалық деңгейде ахуал штабтарын құрдық. Ол жерде барлық байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 80-нен астам онлайн және офлайн форматта оқыту жүргізілді, - деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сайлау азаматтық қоғамды дамытады
Партиялық емес байқау орталығы Президент сайлауының барлық кезеңін бақылайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу