Президенттіке үміткер Салтанат Тұрсынбекова жануарларға арналған орталықта болды

Oinet.kz 31-10-2022 252

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Астана қаласындағы жануарларға арналған орталыққа барды. 

Онда мекеме қызметкерлермен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, кандидат жұмысшылармен панасыз жануарларға қажетті көмек жөнінде сұхбат құрды. 

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары 22 қазан күні басталған болатын. Насихат науқаны 19 қараша сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Ал 19 қараша сағат 00:00-ден 20 қараша сағат 00:00-ге дейін «тыныштық күні» жарияланады. 20 қараша күні сағат 07:00-ден бастап күллі қазақстандықтар өз сайлау учаскелеріне барып дауыс бере бастайды.

Кез келген саяси науқан өзгеріске бастайтыны сөзсіз. Бұл жолғы кезектен тыс Президент сайлауы да тың бастамаларға серпін береріне сенімім кәміл.

Сайлау-2022: Нұрлан Әуесбаев Ақтөбедегі проблемалық тұрғын үйлерді аралады
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Абай облысының жұртшылығымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу