Нұрлан Әуесбаев құрылысшылармен кездесті

Oinet.kz 01-11-2022 311

Screenshot_4.jpg

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласының құрылысшыларымен кездесті. Оларға «Жалпыұлттық социал-демократилық» партиясы туралы қысқаша мәлімет беріп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 

Жұмысшылар саладағы өткір тұрған мәселелерді көтеріп, сұрақтарын жолдады. Нұрлан Әуесбаев айтылған проблемаларды қағазына түртіп алды. Кандидат бұған дейін саяси науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облысына барған болатын. Бұл шараларға ірі мегаполистер мен облыстардағы жақтастары да атсалысып жатыр. 

Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.

- Қарапайым жұмысшылар әр түрлі саланың, әр түрлі компанияның жұмысшылары келіп, өз мәселелерін айтты. Шынында да өте тартысты, тартымды өтті. Ашық пікірталас болды. Ендігі жоспар біз оңтүстікке қарай. Батыста болдық, осы Ақмола облысының айналасының барлығын араладық, - деді Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев.

Салтанат Тұрсынбекова Кентау трансформаторлық зауытының қызметкерлерімен кездесті
Сайлау күні Брайль шрифтімен трафареттер қолданылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу