Бүгін 18 жасқа толған шымкенттік сайлаушы туған күнін дауыс беруден бастады

Oinet.kz 20-11-2022 538

Шымкенттің тұрғыны Нұрсұлтан Жақсыбек 18 жасқа толған туған күнін сайлау уаскесінде дауыс беруден бастады.

Screenshot_20221120-102335_WhatsApp.jpg

– Мен бүгін 18 жасқа толдым. Сайлау 20 қарашада болатынын естігенде, мен сол күні 18 жасқа толамын ғой деп ойлап қойып едім. Дәл сол күні дауыс бере аламын ба деп сұрап алдым. Бере алады екенмін. Туған күнімнің елімізде болып жатқан тарихи күнмен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Бұл менің өмірімде де есте қаларлық күн болып қалады, – деді Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Нұрсұлтан Жақсыбек.

Айта кетсек, Шымкент қаласында орналасқан 38 колледж бен 8 жоғарғы оқу орнында Нұрсұлтан Жақсыбек сияқты 120  мыңнан астам  студент білім алып жатыр. Олардың ішінде 90 мыңға жуығы дауыс беру жасындағы жастар. 

Сонымен бірге, Шымкент қаласында 245 мыңнан астам жас бар. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, түрлі бағыттағы жобаларды бірлесе атқару үшін қалада төрт Жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді.

«Шымкент келбеті».

Тыл ардагері алғашқылардың бірі болып дауыс берді
«Ордабасы» футболшылары спортшылар мен жанкүйерлерді сайлауға қатысуға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу