«AMANAT»: Аудандық полиция бастығының қабылдауында мәселелер оң шешілді

Oinet.kz 12-01-2023 297

Screenshot_1.jpg

«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Ермеков Мұрат Мұхтарұлы халық үніне құлақ түрді.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындары А.Қабланова және Е.Баратов жылдар бойы жеке куәлік ала алмай сандалған. Соның салдарынан қажетті ем-дом алуға мүмкіндік жоқ.  Ал Тұрбат аулының тұрғыны М.Баймбетова АПБ қызметкерлерінің жауапсыздығын айтып шағымданды.

Жаңабазар ауылының тұрғыны С.Абдурасилова 10 жылдан бері ҚР азаматтығына қол жеткізе алмай келеді.

Қазығұрт аулының тұрғыны Г. Әбілдің айтуынша, әріптесі өзінің рұқсатынсыз  заңсыз кредит рәсімдегенін айтып қынжылды.

Онлайн өтініш қалдырған Б.Серібаев жол ережесін бұздың деп негізсіз хаттама жазылып, тіпті ескерту де жасалмайтын көрінеді. АПБ қызметкерлері жол ережесіне өздері де бағынбайтынын айтты. 

Барлық арыз-шағымды тыңдаған Мұрат Мұхтарұлы қабылдау барысында нақты жауабын берді. 

Нәтижесінде: 

А.Қабланова мен Е.Баратовтың өтініштері екі аптада шешілмек және бөлім бастығының тікелей бақылауына алынды. М.Баймбетованың өтініші негізінде қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті қызметкерлерге ескерту берілген. Б.Серікбаевтың шағымы бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 615 бабы, 1 бөлімі бойынша екі  қызметкерге де міндетті түрде шара көрілетіндігі хабарланды. Г.Әбілдің өтініші бойынша, қазіргі таңда зерделенуде.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жетісу облысында 6 жастағы бала үш айлық туған қарындасын пышақтап өлтірді
Салалық заңдардағы Елбасы туралы 20-дан астам норманың күші жойылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу