Сайлаудың сәні – ұлттық киім

Oinet.kz 19-03-2023 196

Screenshot_3.jpg

Қазығұрт аудандық Әжелер алқасының және Ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, белсенділік танытып жатыр. 

Ел болашағы үшін маңызы зор үлкен саяси додаға қариялар арнайы ұлттық киімдерін киініп, отбасы мүшелерімен бірге өз таңдауларын жасауға келді. Ел ағалары сайлаудың әділ өтуіне тілектесіп, барлық кандидаттарға сәттілік тіледі.

Қазығұрт ауданында 13 ауыл округ бойынша жалпы саны 17 сайлау округі орналасқан. Аталған округтер бойынша жалпы саны 61 сайлау учаскесі бар. Таңғы сағат 07:00-де барша сайлау учаскелері еш кедергісіз, уақытылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен жұмысын бастады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан: Соғыстың соңғы сардары өз таңдауын жасады
Түркістан облысының шабандоздары саяси науқанда белсенділік танытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу