Көшербаев: «Қазір Әбдірахымовқа деген сенім жоғалды»

Oinet.kz 30-07-2019 2679

Screenshot_22.jpg

Президент әкімшілігі жетекшісі Қырымбек Көшербаев Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазір бастысы – халық пен билік арасындағы диалог.Сіздер жақсы білесіздер, Ғабидолла Әбдірахымов ел билігі тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Өкінішке қарай, ол соны жеткілікті түрде түсіне алмады", - деді Қырымбек Көшербаев.
Ол Түркістанды қайта жаңғырту, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанда, халық биліктің көмегіне зәру болғанда, Әбдірахымовтың әр қадамы БАҚ беттері ме желіде, ғаламторда көрініс тауып отырғанын мәлімдеді.
"Ондай әрекет мемлекет басшысы қойып отырған талаптарға сай келмейді және биліктің беделін төмендетеді. Қазір Әбдірахымовқа деген сенім жоғалды", - деді президент әкімшілігі жетекшісі.
Сонымен бірге, Күшербаев өз сөзінде халық биліктен адал қызмет етуді талап ететінін атап өтті.
"Өңірлердің басшылары халыққа адал қызмет ету керек және өздерін қалай ұстауды білу керек", - деді Қырымбек Көшербаев.

«Егер де мен құдай болсам, бір күннің ішінде шешіп тастайтын едім»
Бас дәрігерлер арасында тренинг өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу