Студент қыз университет оқытушысынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көргенін айтты

Oinet.kz 21-11-2023 1917

Астанада Аида Алмасқызы есімді студент медицина университетінің оқытушысы тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері көрсетілгені жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Бойжеткен 17 қараша күні сағат 13:00-де мұғалімнің тарапынан сексуалдық қысымға ұшырап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтты.

«Кабинетте мен және ол болды. Ол өзін нашар сезінгендіктен терезені жабуды өтінді, өйткені ол 60-қа таяп қалған кісі еді. Мен артыма қарасам, ол менің бөксеме қарап тұрғанын түсіндім. Осыдан кейін ол компьютерге отырып, денсаулығымның қалай екенін сұрады, бұрын мен одан анализ тапсыру үшін сұранған болатынмын. Менде цистит деп жауап бердім», - деді Аида.

Қыз мұғалімнің іші ауырып жатқанын сұрағанын және «оған қол тигізіп, төмен түсе бастағанын» жазды. Содан кейін мұғалім кабинетті кілтпен жауып, қызды көкірекшесін көтеруге мәжбүр етіп, кеудесін жемпірдің жағасы арқылы ұстай бастаған. Студенттің «қорқамын және ұяламын» деген сөзіне жауап ретінде мұғалім: ондай ештеңе жасамаймын және оның көптеген ем алушылары бар және ол дәрігермін деген. Сонымен қатар, ол емтихан бағасын 70-тен 90 балға дейін түзеткенін айтқан.

Студенттің арызы бойынша Сарыарқа аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде істің мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

«Күн көрсетпейтін»: 39 жастағы келіншек әке-шешесінен қалған үйді туыстарынан ала алмай жүр
Сарығаш ауданында 5 жасар қызды зорлап, өлтірген педофил жазасын қай түрмеде өтейтіні белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу