Сарығаш ауданында 5 жасар қызды зорлап, өлтірген педофил жазасын қай түрмеде өтейтіні белгілі болды

Oinet.kz 22-11-2023 2502

Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған педофил жазасын Қазақстандағы ең қатал түрме – "Қара бүркітте" өтейді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

48 жастағы Сайдолим Ғайбназаров қараша айының басында Қостанай облысындағы төтенше қауіпсіз мекемесіне ауыстырылды. Ол өмірінің соңғы күніне дейін камерада отырады. Педофилге түрмеде айына кемінде бір рет мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. 

"Химиялық кастрацияға қатысты сотталған жазасын одан әрі өтеу үшін мекемеге келгеннен кейін оның құрамына аймақтық деңгейдегі мамандар кіретін мамандандырылған психиатриялық комиссияда медициналық тексеруден өтеді. Кейіннен комиссияның қорытындысы бойынша сотталған дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді, онда химиялық кастрацияға арналған препаратты тағайындау туралы шешім қабылданады. Препарат бұлшықет ішіне екі аптада бір рет немесе айына бір рет тағайындалады. Бұл талдау нәтижелеріне байланысты (тестостерон деңгейінің төмендеуі)", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға 13 шілде күні Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақатын алған бес жасар қыз өлі табылған еді. Бірқатар ақпарат көздері таратқан ақпаратқа сәйкес, қызды зорлап, өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Ал күдікті бұрын сотталған 1975 жылы туған нашақор болып шыққан. 

Оқиға тәртіпсіздікке әкеліп, ашулы тұрғындар күдікті кісі өлтірушіні полициядан алып қалуға тырысты. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға назар аударып, бұл істі жан-жақты тексеруді тапсырды. Қаза болған қыздың әкесі қылмысты жасады деп күдікке ілінген нашақорға дұрыс емес үкім шығарғандарды жазалауды талап етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматты алдыңғы қылмыстары үшін түрмеге отырғызбаған судьялар және 5 жасар қыздың мәйітін тапқан ауыл тұрғынының оқиғаны баяндап бергені туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қыркүйек айында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оған мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. Сонымен қатар сот баланың өліміне кінәлі адамды қыздың ата-анасына 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруге міндеттеді.

Студент қыз университет оқытушысынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көргенін айтты
«Мектебі жасырын түсік жасатқан»: Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 12 жасар оқушыны жүкті еткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу