«Бойы ұзын әдемі қыз»: Полиция бөлімшесінде зорланған қыз туралы жаңа деректер шықты

Oinet.kz 29-11-2023 4848

Талдықорған қалалық ІІБ бастығы болған, генерал Марат Күштібаев жақында қызметтік кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деп екі ай қамауға алынған еді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Осыған қатысты кейбір деректің шеті шыға басталды

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, 11 қараша күні 27 жастағы алматылық бойжеткен сүйіктісімен Талдықорғандағы жалдамалы пәтерде кездеседі. Бірақ түнгі 2-лер шамасында сүйіктісімен сөзге келісіп қалады. Артынша, полиция қызметкерлерін шақырған. Таңда полиция бөліміне түсінік беруге барады.

«Екеуінің арасында кикілжің болған. Жігіт қашып кеткен бе ол жағы түсініксіз. Полицейлер қызды учаскеге алып келген. Сол кезде полиция бастығы қызды көріп қалады. Бойы ұзын әдемі қыз. «Не істеп жүрсің?» дейді. Учаскелік инспектор алып келгенін айтады. Онда жүр біздің кабинетке сөйлесейік деп шақырып алады. Кабинетінде «Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын» деп, қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастаған», - дейді Сандуғаш Дүйсенова.

4 баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан блогер күйеуімен қалай танысқанын айтып берді
Әл-Фараби атындығы ҚазҰУ –ті – «Келбеті өзгеше, келешегі нұрлы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу