Рудныйдағы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте өлі табылды

Oinet.kz 18-12-2023 806

Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте өлі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Костанайские новости"-ге сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

17 желтоқсанда сағат 12:00 шамасында Рудныйда Корчагин көшесіндегі үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Ол полиэтилен пакетке оралған.

"Аталған факті бойынша Рудный полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Полицейлер баланың анасын және жаңа туған нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған болуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.

"Осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 телефондарына хабарласыңыз. Болмашы ақпараттың өзі тергеуге көмектеседі", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Карьерасындағы ең қомақты гонорар: Рахмонов Томпсонды жеңгені үшін қанша алды?
«Тірідей тозаққа түстім»: Шетелдік ерлі-зайыпты асырап алған қазақ қызы әке-шешесін іздейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу