Жатақханада 16 жастағы қыз мерт болды: Жаңа деректер белгілі болды

Oinet.kz 20-09-2024 1081

Талдықорғанда жатақханада көз жұмған 16 жастағы Зарина Берікованың ісі бойынша тергеу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_78.jpg

Студенттің жұмбақ өліміне қатысты деректер қосымша тағайындалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болмақ. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Сондай-ақ тергеушілер жатақхананың бейнежазбасы жоғалып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды. Ал марқұмның телефоны мен уатсап мессенджеріне қатысты мәліметтерді тергеу құпиялығына байланысты жариялауға құқығымыз жоқ дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, Зарина Берікова 28 ақпанда инновациялық колледждің жатақханасында қайтыс болған еді. Алғашында тағайындалған мемлекеттік медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша бойжеткен дәрі ішіп, уланып өлген. Бірақ медициналық препараттың мөлшері белгісіз. Және бұл қорытындыға студенттің жақындары сенбейді. Сондықтан олар істің жан-жақты әрі әділ жүргізілуін талап етіп отыр.

"Кәмелетке толмаған Зарина Берікованың жатақханада қайтыс болу дерегі бойынша Талдықорған қаласының полиция басқармасымен адам өлімі бабымен қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі таңда жәбірленушінің заңды өкілінің өтінішімен қосымша сот дәрігерлік сараптама тағайындалды. Іс бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін заңды процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Арман Сұлтанұлы.

«Мен бәрінен жаманмын ба?»: Павлодарда досына пышақ сұғып алған оқушының анасы ұлына қолдау сұрады
СҚО-да қызын сабақ оқымағаны үшін пышақтаған әйел туралы тың деректер айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу