Такси жүргізушісі орамалды әйелге зорлық көрсетіп, видеоға түсірген

Oinet.kz 07-07-2025 200

Мәскеуде такси жүргізушісі орамалдағы әйелге жыныстық зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Белгілі болғандай, 30 маусым күні Мәскеу қаласына Дағыстаннан келген 44 жастағы әйел жергілікті полицияға арыз түсірді.

Әйелдің айтуынша, ол танысу сайты арқылы 46 жастағы такси жүргізушісімен хат алмасып, кездесуге келісім берген. Кездесу барысында ер адам көліктің ішінде агрессия танытып, хиджаб киген әйелді күштеп шешіндіріп, оны бейнежазбаға түсірген. Егер қарсылық танытса, оны жалаңаш күйінде көліктен лақтырып жіберіп, видеоны ғаламторға жариялайтынын айтып қорқытқан. Кейін аяусыз жыныстық зорлық көрсеткен.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті Ресейге жұмыс істеуге келген шетел азаматы болып шықты. Қазір тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр.

17 жастағы танымал тиктокер қыз сталкердің құрбаны болды
Үндістанда әйел өзінің күйеуін ұнтақталған чили бұрышымен өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу