17 жастағы танымал тиктокер қыз сталкердің құрбаны болды

Oinet.kz 04-07-2025 36

Исламабадта 17 жастағы TikTok-блогерді өлтірді деп айыпталған пәкістандық жігіт алғаш рет сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Күдікті – 22 жастағы Омар Хаят, өзі де TikTok-та контент жасайтын автор. Оны маусымда Пенджаб провинциясындағы Фейсалабад қаласында Исламабад полициясы ұстаған.

Оған әлеуметтік желілерде миллионнан астам оқырманы болған Сана Юсуфты өлтірді деген айып тағылды. Таяуда Исламабадта болған бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Телеарналар көрсеткен бейнежазбаларда Хаятты беті жабулы күйде сотқа жеткізілгенін көруге болады. Сотта полиция тергеуді толық аяқтап, ресми айып тағу үшін қосымша уақыт сұрады.

Судья істі қайта қарау үшін Хаяттың сотқа тағы келуі туралы қаулы шығарды.

Сана Юсуф – Пәкістанның Читрал өңірінің тумасы. Ол TikTok-тағы видеолары арқылы читрал дәстүрлі музыкасы мен киімдерін насихаттап, танымал болған.

Қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын ол достарымен бірге туған күнін атап өтіп жатқан сәтінен видео жариялаған.

Қазақстандық қыз шетелде жұмыс істеймін деп құлдыққа түсіп қала жаздады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу