Көпбалалы ер адам отбасының жиған-тергенін ұрлап, ұлының қалыңдығымен қашып кеткен

Oinet.kz 10-07-2025 925

Үндістанда алты баланың әкесі отбасының жиған-тергенін ұрлап, кәмелетке толмаған ұлының қалыңдығымен қашып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Ер адам 15 жасар ұлын үйлендірмек болып, оның қалыңдығының үйіне бірнеше рет барған. Әйелінің айтуынша, кейін қызға өзі ғашық болып қалған. Әйел күйеуінің қызбен телефон арқылы сөйлесіп жүргенін білген.

Ал ұлы әкесінің қызбен қарым-қатынасын білген соң үйленуден бас тартқан. Ұлының сөзінше, ата-әжесі де бұл жағдайдан хабардар болған, тіпті екеуінің қосылуына көмектескен.

Ақыры ер адам үйінен 200 мың рупий (шамамен 1 миллион 200 мың теңге) ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап, қашып кеткен. Ұлының қалыңдығы да жоғалып кеткен. Әйелі күйеуі мен қыздың бірге қашып кетіп, үйленіп алғанына сенімді.

Жамбылда өзара бәстескен ер адамдар фельдшермен жанжалдасып, соңында оны атып кеткен
Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедек балаларға бөліп берген қария өмірінен сыр шертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу