Саяси реформалар оң өзгерістің нышаны саналады – қазақстандықтар пікірі

Oinet.kz 07-08-2026

Еуразиялық интеграция институты БАҚ өкілдеріне арналған онлайн-брифинг барысында қазақстандықтардың электоралдық мінез-құлқының түрлі аспектілерін зерттеу аясында 2026 жылғы 16-26 шілде аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін жариялауды жалғастырды.

image.png

Бұған дейін хабарланғандай, азаматтар арасында жүргізілген жаппай сауалнамаға (face-to-face) Қазақстанның 17 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 4 000 респондент қатысты.

Сауалнама қоғамда сайлау науқандары, саяси партиялардың рөлі мен функциясы туралы нақты және байыпты түсінік қалыптасып отырғанын, сондай-ақ жүргізіліп жатқан саяси реформалардың жағымды әсері туралы пікір басым екенін көрсетті. 

Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында зерттеу аясында анықталған бірқатар  көрсеткіштер арнайы назар аударуға тұрарлық. 

Бірінші. Сайлау белсенділігіне орай жүргізілген жалпы өлшем бойынша, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 78,2%-ы сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге қатысатынын көрсетті. 

Оның ішінде атап өтерлігі, әрбір науқан өткен сайын дауыс беруге қатысатын азаматтардың саны артып отырған. Респонденттердің жауаптарына сәйкес, 2023 жылғы парламенттік сайлауға азаматтардың 53,4%-ы, 2024 жылғы референдумға 63,4%-ы, 2026 жылғы референдумға 75,3%-ы қатысқан. Сауалнама нәтижелері ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми деректерімен барынша сәйкес келетінін атап кеткен жөн. 

Екінші. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау бойынша өткен референдумға қатысқан азаматтар өздерін дауыс беруге ынталандырған мынандай себептерді атап өтті:

Азаматтардың 71%-ы дауыс беруді өздерінің азаматтық борышы деп санайды. 

Респонденттердің 69,6%-ы жүргізіліп жатқан саяси реформаларды маңызды деп санайды.

Ал 31,4%-ы дауыс беруді өзінің ажырамас демократиялық құқығы деп есептейді. 

Сауалнамаға қатысқандардың 18%-ы дауыс беруге құқылы жасқа жетуіне байланысты қатысқан. 

(респонденттер бірнеше жауап нұсқасын таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, жауаптардың жиынтық  көрсеткіші 100%-дан асады)

Сайлау белсенділігінің осы факторлары 23 тамыздағы референдумда шешуші рөлге ие болуы мүмкін. 

Үшінші. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтар жүргізіліп жатқан сайлау процестері туралы хабар алатын ТОП-7 негізгі ақпарат көзі анықталды: теледидар – 51,6%, Instagram – 44,5%, жаңалық таратушы интернет-порталдар – 32,5%, отбасы мүшелері және туыстары арқылы  – 27,4%, TikTok – 23,8%, жұмыс орнында, ұйымда – 22,5%, достары арқылы – 21,7%.

(респонденттер бірнеше жауап нұсқасын таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, жауаптардың жиынтық  көрсеткіші 100%-дан асады)

Бұл нәтижелер саяси контентті жалпы медиа тұтынуда  телеарналардың әлі де өзекті екенін және әлеуметтік желілердің ішінде Instagram және TikTok желілерінің кеңінен танымал екенін көрсетеді. Азаматтар сайлау барысы туралы тұрақты түрде хабар алып отырады және оны күнделікті өз ортасында талқылайды. 

Төртінші. Қазақстандықтардың басым көпшілігінің пікірінше жаңа Конституцияны қабылдау сияқты палаталы Құрылтайдың құрылуы да оң өзгерістермен байланысты. Сауалнама нәтижелері азаматтардың Құрылтай сайлауынан жақсылық күтетінін  көрсетеді.

Респонденттердің 68%-ы Құрылтай сайлауынан кейін өмірінде жақсы өзгерістер болатынына үмітті. 

Қоғамдық пікірді нақтылау мынаны көрсетті. 

Сауалнамаға қатысқандардың 48,8%-ы сайлаудың әділ өтетініне сенімді. 

Респонденттердің 43,3%-ы Құрылтайға сайланатын депутаттар азаматтардың мүддесін қорғайды деп күтеді. 

Респонденттердің 35,9%-ы жаңа депутаттардың келуімен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады деп санайды. 

23,8%-ы – жаңа депутаттар саяси мәдениет деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді деп сенеді. 

Азаматтардың 22,3%-ы депутаттардың халыққа жақын болуын және өз сайлаушыларымен ашық сөйлесуін қалайды.

(респонденттер бірнеше жауап нұсқасын таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, жауаптардың жиынтық  көрсеткіші 100%-дан асады).

Бесінші. «Қазақстандағы саяси партия тиімді қызмет етуі үшін ең алдымен не істеуі керек?» деген сұраққа респонденттердің жауаптарын тізбелесек.  

Азаматтардың партияларға қойылатын ТОП-3 талаптары:

44%-ы – партия елдің экономикалық өсуі мен өркендеуіне атсалысуы керек екенін атап өтті, 

32,4%-ы – елдің алдағы дамуы жайлы нақты түсіндіре алуы керек   деп есептейді, 

33,2%-ы – өз жұмысында әлеуметтік бақуаттылық пен теңдікті қамтамасыз етуге баса назар аударуы тиіс дейді.

Сондай-ақ, респонденттер партия көшбасшылары мықты, тартымды тұлға  болуы (29,9%), заңдармен сауатты жұмыс істей білуі және халыққа тікелей пайда әкелетін заң жобаларын ғана насихаттауы (29,8%), демократияға адал болуы  (20,1%), сайлаушылармен тұрақты байланыста болуы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілері арқылы байланыс ұстауға (20%) тиіс екенін атап өтті.

(респонденттер бірнеше жауап нұсқасын таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, жауаптардың жиынтық  көрсеткіші 100%-дан асады)

Осылайша, қазақстандықтардың қоғамдық-саяси және сайлау процестеріне атсалысу белсенділігі артып келеді деп айтуға болады. Жалпы, қоғамның саяси оқиғаларға құлағы түрік.

Осы әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері қазір сайлау жарысына қатысып жатқан саяси партияларға пайдалы болуы мүмкін. Бұл үгіт-насихат әдістерін, арналарын және мазмұнын, сондай-ақ үгіт-насихат кезінде аса маңызды жалпы сайлауды белгілеу стратегиясын түзетуге мүмкіндік береді.  

Іріктеме 18 жастан асқан халықтың әлеуметтік-демографиялық құрамының тиісті пропорцияларына жақын (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының  2026 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес) бөлінген параметрлер (облыс, тұрғылықты жері (қала/ауыл), жынысы, жасы, этникалық тегі) бойынша репрезентативті үлгіде жасалған. 95% сенімділік ықтималдығы бар іріктеменің статистикалық қателігі ±1,54%-дан аспайды.

Еуразиялық интеграция институты Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі №ОСК-11-07/ЗТ-С-30 жазбаша хабарламасынан алынған деректерді жариялап отыр.

Казахстанцев предупредили о новой волне дипфейков с мировыми знаменитостями
78,2% граждан регулярно принимают участие в голосовании – соцопрос
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу