Шымкент қаласында үш жасар бүлдіршінді пойыз қағып кетіп, қыз оқиға орнында қаза тапты

Oinet.kz 05-09-2019 878

Screenshot_4.jpg

   3 қыркүйек   күні сағат кешкі 19.40 шамасында Шымкент және Қызылсай станциясының арасында теміржолында үш жасар қызды пойыз қағып кетті деп  хабарлады  Oinet.kz. тілшісі  stan.kz  порталына сілтеме жасап. Қыз оқиға орнында жан тапсырды. 

  Отбасы  өз жұмыстарымен айналысып жүргенде,  бүлдіршін далаға шығып кеткен. Қайғыдан қан жұтқан ана екінші баласына екіқабат, қазір ауруханада жатыр. 

 "Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 344-ші бабы (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша іс қозғалды", — дейді Шымкент станциясындағы тергеу бөлімінің тергеушісі Ердәулет Садықов. 

 Бұл бап  бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, айыпталушы лауазымды қызметтерді атқара алмайды. 

Шахановтың Тоқаевқа айтары бар
Отандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысын сәйкестендіруге уәде берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу