Еліміздегі 5 қалада ауа ластанады деп күтілуде

Oinet.kz 12-09-2019 887

image.png

12 қыркүйек күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында және Атырауда түнде жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтау, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Нұр-Сұлтанда 7 жасар баланы ВАЗ автокөлігі қағып кетті
Елордада Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу