Қонаққа келген әйелді қан-жоса етіп ит талап тастаған

Oinet.kz 13-09-2019 835

5c80d152a3d36d895d889f3e2aee7dfd_e9f1e096c131c83510c19651daba7d11_137334473083_800px.jpg

Оқиға Тараз қаласының тыныш аудандарының бірінде орын алған. Туыстарына қонаққа келген 54 жастағы әйелді питбультерьер иті иесінің және басқа да куәгерлердің көзінше қан жоса етіп талап тастаған. Көргендердің айтуынша, ашулы ит құтқарғысы келгендерді әйелге мүлде жолатпаған. Медициналық көмек көрсетуге келген жедел жәрдем қызметкерлерінің өзі жарты сағат бойы қауқарсыз болған. Әйелге алғашқы жәрдем полиция қызметкерлері итті атқаннан соң ғана көрсетілген.

Ауруханаға жеткізілген әйел бірнеше литр қан жоғалтып, көптеген ауыр жарақаттар алған. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Тұрғындардың айтуынша, ит адамдардың үрейін тудыратын және осы уақытқа дейін де бірнеше адамға шабуыл жасаған. Тіпті полиция қызметкерлеріне де шабуыл жасаған. Өткен жылы да бір ер адамды қатты талап, ауруханаға түсірген.

Байбек: " Nur Otan партиясының қатарында мемлекеттік қызметшілердің 6% - ы ғана бар"
Қайрат Нұртастың анасы немересін «Қазақтың Бейонсесі» болатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу