Шымкентте №40 бағыттағы қоғамдық көлік апатқа ұшырады

Бүгін Шымкентте сағат сегіздер шамасында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
№40 бағыттағы қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлігінің қақтығысы нәтижесінде 13 адам жараланып, бір әйел көз жұмды. Оның үшеуі - балалар, қалған тоғызы - ересектер. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.


