Нұрлан мен Мұрат: «Орысша сөз қосып ән айтуды қою керек»

Oinet.kz 16-09-2019 1321

image.png

Нұрлан мен Мұрат қазақша ән шырқап тұрып, орыс тілінде сөздерді қосу сән емес екенін айтты. Сөз арасында Artur мен Raim туралы пікірлерін жеткізді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Ел аузында бағдарламасына сілтеме жасап.

Нұрлан мен Мұрат тобы ең алғаш шыққан уақытта заманауи әнге құмарлар түнгі клубта қазақша ән айтқаны үшін күлгенде екеуі намыстан микрофонды жерге лақытырып кеткендерін еске алды.

«Ия, ия ең алғашқы дискотекаға келген кезде сол клубта «Махаббатты» айтып едік. Біреулер деген қарқылдап күліп, қолдарымен көрсетіп, шетелдің әндері шығып жатқан кезде ортаға шығып алып «махаббат жаулап алды» деген бір түрлі болды да... Көбі күліп кеткен. Сол кезде микрофонды жерге лақтырып кетіп едім. Сондан кейін бір жылдан соң сол клуб бізді арнайы шақырды», - дейді Нұрлан.

image.png

Қазіргі таңда шырқалып жүрген әндерді де Нұрлан мен Мұрат сынға алды.

«Құттай өзімнің атымнан, ақыл емес енді бұл кеңес ретінде айтатыным орысша сөз қосып ән айтуды қою керек. Артур мен Райм жақсы айтты да, жақсы шықты. Өтіп кетті болды. Қалғандарының бәрі соны тығып жатыр да. Қажеті жоқ.  Ары қарай өтпейді олар», - қос әнші.

Шымкентте №40 бағыттағы қоғамдық көлік апатқа ұшырады
Жанар Хамитова дүниеден озды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу