Алматыда автокөлік жаяу жүргіншілер жолында екі студент қызды қағып өлтірді

Oinet.kz 16-09-2019 1231

image.png

Сурет spitniknews.kz сайтынан алынды

Алматыда түнгі 3-тер шамасында Абылайхан Мақатаев көшелерінің қиылысында қайғылы жағдай орын алды. Автокөлік жаяу жүргіншілер жолында екі студентті қағып өтіп, салдарынан қыздар оқиға орнында жан тапсырды деп хабарлайды, oinet.kz сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Мерседес автокөлігінің жүргізушісі Абылайхан Мақатаев көшелерінің қиылысында бағдаршамның сары түсін көре тұра өтіп кетпекші болған. Сол сәтте жаяу жүргіншілер жолынан екі студент қыз аса жылдамдықпен келе жатқан автокөліктің астына түсіп, жедел-жәрдем келмей тұрып оқиға орнында мерт болды.

image.png

Сурет spitniknews.kz сайтынан алынды

Қатты жылдамдықпен келе жатқаны соншалық екі қызды соққан автокөлік жаяу жүргіншілер жолынан 80 метр ары барып, әрең тоқтаған. Автокөліктің жағдайы кісі өлімін дәлелдейтіндей қатты зақым алған. Кінәлі көлік жүргізушісі қамауға алынды.

Шамалғанда көпір 2020 жылы салынатын болды
Нұр-Сұлтанда үкіметтен үй сұраған жігіт, өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу