Қазақстанда әртістер кино саласына қандай жолмен келетінін айтып берді

Oinet.kz 23-09-2019 1191

Картинки по запросу съемочная площадка

Отандық кино саласына «Казахпайская мечта» атты тағы бір комедия келіп қосылмақ. Кезекті комедияның әртістері өздерінің кино алаңға қалай келетіндерін айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі Ревю арнасына сілтеме жасап.

Бір айға жуық таспаланған картинаның басты кейіпкерлігіне жайдарман жұлдыздары Жахан Отарғалиев пен Ернар Сақупов таңдалған. Қос әзілкеш аталмыш туындыға кастинг өтіп әуреленбеген екен.

-Кастингке келдім осылай, Тимур қалайсың дедім, Тимурды танимын мен бұрыннан. Таныстық арқылы өтіп кеттік, - дейді Ернар Сақупов

Картинки по запросу жахан утаргалиев

-Кастинг өткен кезде, жалпы ондай қатты қиын болған жоқ өйткені, біз продюсермен де режиссермен де бұрыннан таныспыз, - деп шындығын айтты Жахан Отарғалиев.

Ал Шәріп Серіктің ойынша, көрерменнің көңілінен шығып, режиссердің қалтасын қалыңдату үшін танымал адамдарды ойнатып қойғаны дұрыс екен.

Картинки по запросу шәріп серік

-Менің ойымша, по блату өткен актерлар, продюсерлік ход дейді ғой, тек қана осы көрермендер жинау, ақша жинау деп ойлаймын. По блату өткен де, ол бір кино әлеміне бір өзін көру, әйтеуір бір кіріп шығу деген сияқты ғой, - дейді Шәріп Серік.

«Жау жүрек мың бала» арқылы көрермен көзайымы болған Асылхан Төлепов режиссерлееді сынады.

-Ол енді жас режиссерлардың қателіктері деп ойламын, біріншіден оларды сынауға да, оларға ренжуге де болмайды. Кейде оның барлығын кастингті өткізуге де бюджетте болмайтын сияқты,- дейді Асылхан Төлепов.

Картинки по запросу асылхан төлепов гүлназ

Гүлназ Жоланованың пікірінше, негізгі кейіпкердің роліне тек көрерменнің өзі баға бере алады.

-Енді аудитория подписчигіне қараған дұрыс емес деп ойлаймын. Ал дегенмен егерде де актердің, актрисаның типаж дейміз, оны қабілеті сол кейіпкерге келіп тұрса, неге жазбасқа. Немесе, сол актерға немесе актрисаға қарап шабыттанып жазылған сценарий болса, меніңше мұнда тұрған ештене жоқ, - дейді Гүлназ Жоланова.

Арыста оқ-дәрілер өздігінен жарылып, 10 сапер ауыр жарақат алды
Асқар Мамин «Бастау-Бизнес» жобасын талқылап, қатысушылар санын арттыруды тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу