Асқар Мамин «Бастау-Бизнес» жобасын талқылап, қатысушылар санын арттыруды тапсырды

Oinet.kz 23-09-2019 797

Картинки по запросу Асқар мамин

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында «Бастау-Бизнес» жобасын талқылап, қазақстандықтарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудару керектігін қадап айтты, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін талқыланған «Бастау-Бизнес», «Жас кәсіпкер», шағын несие беру жобаларының іске асырылу мәселелері халықтың жұмыспен қамтылуымен тығыз байланысты. Бұл өз кезегінде Елбасы мен Мемлекет басшысының алға қойған басты міндеттердің бірі. Осы жұмыстың жақсы нәтижелерін көріп отырмыз. Биылдың өзінде ғана 5 мыңнан астам азамат өз ісін ашып, 8,5 мың жұмыс орнын құрды», - дейді Үкімет басшысы Асқар Мамин.

Асқар Мамин шағын несие бөлуге берілген 82 млрд теңгенің 50 пайызы ғана игерілгенін атап өтті. Бұл тұрғыда Алматы, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы артта қалып отыр. Осы өңірлер бюджет қаражатын тиімді игерген Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан үлгі алуы керектігі айтылды.

«Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне «Атамекен» ҰКП-мен бірге екі апта мерзімде «Бастау-Бизнес» жобасы аясында шағын несие беру бойынша жағдайды талдап, ұсыныстарды енгізуді тапсырамын»,- деді Үкмет басшысы.

«Бастау-Бизнес» жобасына қатысушылардың санын ұлғайтып, бизнесін ашқандар немесе кеңейткендер санын 20-дан 30 пайызға дейін жеткізу мәселесін пысықтауды жүктелді.

«Министрлер мен әкімдерге қазақстандық қамту бойынша көрсеткіштердің және тиісті заңнаманың орындалуы бойынша дербес жауапкершілік артылады. 9 айдың қорытындысы бойынша жиналыс өткіземіз. Онда осы көрсеткіштердің орындалуын қарастырамыз», - деді Асқар Мамин.

Қазақстанда әртістер кино саласына қандай жолмен келетінін айтып берді
Үйлену той мен басқа да салтанатты шараларға қатысты жаңа заң шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу