Алматыда екі автокөлік соғысып, 4 адам ауыр жарақат алды

Oinet.kz 30-09-2019 811

image.png

Алматы қаласындағы үлкен Алматы каналы бойында Өтемісұлы көшесінің қиылысында қос автокөлік бір-біріне жол бермегендіктен ауыр жол апаты орын алды. Нәтижесінде 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Audi 100 көлігі батыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Ол шығысқа қарай бет алған Nissan Almera көлігіне жол бермеген. Қатты жылдамдықпен келе жатқан Nissan Audi көлігінің бүйіріне соғылды. Соққының қатты болғаны соншалық Audi арықтан ұшып кеткен. Ал Nissan көлденеңнен көшенің қақ ортасына түскен екен.

image.png

Жол көлік апатының салдарынан Nissan Almera көлігіндегі әйел мен екі баласы және Audi-дің жүргізушісі зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Апаттың мән-жайы анықтау үшін оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде.

Психолог Құралай Ошақбаева байлыққа құштар келіндер одағын құрмақ
Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасы теңестіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу