Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы мен балалар автобусы соғысты

Oinet.kz 07-10-2019

Картинки по запросу Автобус соғысып

Елордада жолаушылар автобусы аялдамада тұрған балалар автобусына соғысты. Зардап шеккендер бар, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 07:24-те Мәнгілік ел даңғылындағы автобус аялдамасында №15 автобустың жүргізушісі берілген сигналды ескермей, аялдамада балаларды күтіп тұрған мектеп автобусына соғылды. Оқыс оқиға болған кезде мектеп автобусының ішінде жолаушылар болмаған», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Полицейлердің айтуынша, №15 автобустың ішінде 30 адам болған. Оқиға салдарынан оның екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.

Сергей Деревянченко: «Жеңіс менікі, бүкіл әлем куә»
Қазақстанға әкелуге тыйым салынған Қытай дәрілері тәркіленді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×