40 мың жер учаскесі таратылады

image.png

Жеке құрылысқа арналған жер учаскелеріне инженерлік желілер мен коммуникациялар тартуға 81,7 миллиард теңге және 40 мың жер учаскесі тарату қарастырылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап

"Бүгінде жеке құрылыс алаңдарына мемлекеттің есебінен алдымен инженерлік желілер тартылып отырады. Жыл сайын 40 мың жер учаскесінің инженерлік инфрақұрылымы жасалады. Мәселен, 2017-2018 жылдары ішінде республика бойынша 110 мың жер учаскесіне қажетті желілер тартылған болатын", - деді Бейбіт Атамқұлов мәжілісте өткен үкімет сағатында. 

Биыл республикалық бюджетте жеке құрылысқа арналған жер учаскелеріне инженерлік желілер мен коммуникациялар тартуға 81,7 миллиард теңге қарастырылған. Осының арқасында тағы 40 мың жер учаскесі таратуға дайын болады деген жоспар бар.

"Әкімдіктерге 36,8 миллиард теңге аударылды. Осы уақытқа дейін 35,8 миллиард теңге игерілді", - деп атап көрсетті Бейбіт Атамқұлов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында 152 браконьер жауапқа тартылды
  • Асқар Мамин елордадағы спорт және мәдениет инфрақұрылымдарын тексерді
  • «Маған демагог керек емес. Арыз жаз да, кет» - Баталов Қалиасқаровқа
  • Дәрігерлер науқасты тірілтіп алды
  • Алматыда тәрбиеші көзі көрмейтін баланы инемен шұқып қинаған
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика